Қазақстанда «қызыл» аймақта екі өңір ғана қалды

Автор: Azattyq Rýhy

«Сары» аймақта үш өңір бар

Фото ашық дереккөзден

21 ақпандағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

  • «Қызыл» аймақта: Алматы қаласы, Солтүстік Қазақстан облысы.
  • «Сары» аймақта: Ақмола, Қостанай, Павлодар облыстары.
  • «Жасыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Шымкент қалалары, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан облыстары.