Жүргізуші жедел жәрдем ауруханасына жеткізілді
Ақтөбеде жол апаты кезінде 15, 13 және 1 жастағы балалар көлік ішінде жанып кетті. Бұл туралы Ақтөбе облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлады Azattyq Rýhy.
19 ақпан күні сағат 16:00-де Ақтөбе қаласының Оңтүстік айналма жолында жол апаты болды. Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, «LADA Largus» көлігінің жүргізушісі алдындағы көлікті басып озу кезінде жол ережесін сақтамай, салдарынан «DAF» маркалы жүк көлігіне соқтығысқан. Кейін жолдың оң жағына қарай аударылған.
«Көлік аударылғанда әкесі терезеден ұшып кеткен. Ал көлік жанып кетті. Салдарынан 2007, 2009 және 2021 жылдары туған балалар көлік ішінде тірідей жанып кетті. Жүргізуші жедел жәрдем ауруханасына жеткізілді», - деді облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.