Джо Байден Владимир Путиннің елге басып кіру туралы жоспар құрғанына сенімді
Ресей Украинаға бірнеше күнде шабуыл жасауы мүмкін. Ақ Үйде өткен баспасөз конференциясы кезінде АҚШ президенті Джо Байден осылай деп мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Джо Байден Владимир Путиннің елге басып кіру туралы жоспар құрғанына сенімді. Осы орайда АҚШ президенті Украинаға қолдау көрсетіп, қару-жарақ жеткізетінін жасырмады. Бірақ өз әскерін жібермейтінін айтты. Егер Ресей Украинаға басып кірсе, АҚШ пен оның одақтастары қатаң санкция саламыз деп сес көрсетті. Ал Мәскеу осыған дейін бұл ақпаратты бірнеше рет жоққа шығарып, Батыс елдерін ахуалды әдейі ушықтырып отыр деп айыптаған еді.