Қызылордада 2 жедел жәрдем қызметкерінің ажалына себеп болған жүргізуші сотталды

Автор: Azattyq Rýhy

Сот үкімі бойынша ол 8 жылға бас бостандығынан айырылды

Фото ашық дереккөзден

Қызылордада екі адамның өмірін қиған жол апатына кінәлі жүргізуші 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Қызылорда қалалық №2 сотының баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, сотталушы С. көлік құралын басқару құқығынан айырыла тұра, алкогольдік масаң күйде көлік құралын басқарып, абайсызда екі адамның өліміне әкеп соқтырған жол апатын жасаған.

 "Сот жәбірленушілердің туыстары сотталушы С.-ны кешіргенін ескере отырып, оны Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 346-бабының 6-бөлігімен кінәлі деп танып, өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырды", - деп атап өтті баспасөз қызметі.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Еске салайық, қайғылы оқиға 2021 жылдың тамыз айында Қызылордада болған. Мас жүргізуші басқарған Toyota Land Cruiser көлігі бағдаршамда жедел жәрдем көлігін соққан. Оқиға салдарынан екі адам - фельдшер Омарова мен жедел жәрдем жүргізушісі Маенов оқиға орнында көз жұмды.