Өзінің ауылда өскенін айтып өтті
«Атамекен» кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы қызметінен кеткен Абылай Мырзахметов өзінің енді немен айналысатынын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«30 жыл ішінде біз кәсіпкерлер палатасын аяқтан тұрғыздық. Палата 8 жастағы жасөспірім бала сияқты ғой. Кем-кетік тұстарымыз да болды. Өзім ауылда өскенмін. Қаным қазақ, жаным ашиды. Осы қоғамдық жұмыспен елге барамын. Қазақ балаларын жұмысқа тартамын. Қолымнан келгенше барлық көрген-білгенімді соған жұмсаймын», − деді «Атамекен» ҚР ҰКП кезектен тыс ІХ съезінде сөйлеген сөзінде.