Абылай Мырзахметов «Атамекен» басшылығынан кетті

Автор: Azattyq Rýhy

Өз сөзінде соңғы бір айдың ішінде өмірдің өзгергенін айтты

Фото ашық дереккөзден

«Атамекен» ҚР ҰКП кезектен тыс ІХ съезі кезінде Абылай Мырзахметов өз еркімен қызметінен кететінін мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Ең бастысы билікпен арадағы әңгімені ортаға салу. Сол біздің негізгі мақсатымыз болды. Әрине, сын айтылады. Оны мойындаймын. Оған мен де, менің басқармамдағы әріптестерімнің де кемшіліктері бар. Оны мойындауымыз керек. Палата ішінен ассоциация құрылғанымен олардың жергілікті жерлерде филиалы жоқ. Біздің мақсатымыз аудан орталықтарына бару болды. Бәрін ойдағыдай жасамаған шығармыз. Ниетіміз сол болды. Қолымыздан келгенше іс-әрекет жасадық. Кәсіпкерлердің ашынып сөйлегені, палатаның аяқтан тұрғаны деп білемін», - дейді ол.

Өз сөзінде соңғы бір айдың ішінде өмірдің өзгергенін айтты.

«Қазір «Жаңа Қазақстанда» өмір сүріп отырмыз. Ал кәсіпкерлер – негізгі күш. Сондықтан палата өзгеруі керек. Биліктің кәсіпкерлерге қарым-қатынасы өзгеруі керек. Мен өз еркіммен қызметімді тапсырамын», − дейді Мырзахметов.