Қаншама сын естідім, жауап беруге құқым бар шығар – «Атамекен» басшысы

Автор: Azattyq Rýhy

Ауылға барып проблемаға көз жеткізу керек, дейді ол

Фото ашық дереккөзден

«Атамекен» ҚР ҰКП кезектен тыс ІХ съезі кезінде палатаның басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов кәсіпкерлердің қауымдастық басшысын сайлауға қарсы болғандарына ашуланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Біз бұл жерде комитет төрағасын сайлап отырған жоқпыз. Комиетет аккредитациядан өткен қауымдастықтан тұрады. Оның жетекшісін қазір сайласақ та, түскен кейін қарсы болғандар алып тастауына болады. Оған ешкім кедергі келтіре алмайды. Осындай сұрақтардың қойылғаны таң қалдырады», − дейді Абылай Мырзахметов.

Осы тұста сөзін бөлген кәсіпкерге өзінің қаншама сын естігенін, жауап беруге құқы бар екенін айтты.

«Сіздермен бірге 8 жыл өмір сүріп келемін. Өткен жылы Маңғыстауда болған жағдайда қай қауымдастық көмек көрсетті, фермерлерден басқа? Қазіргі жағдайда реформа жасап, біреуді тағайындау маңызды емес, халықтың жағдайын ойлау керек. Ауылға барып проблемаға көз жеткізу керек», − дейді Абылай Мырзахметов.

Айта кетерлігі, «Атамекен» ҰКП ірі, орта және шағын кәсіпкерлер арасынан қауымдастық жетекшілерінің тізімі ұсынылған болатын.