Марқұм 48 жаста болатын
Павлодарда қар тазалап жүрген жүк көлігінің жүргізушісі қайтыс болды. Толстой көшесінде, Орталық стадионның жанында ер адамның жағдайы күрт нашарлаған, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.
Жедел жәрдем оқиға орнына алты минутта жетті.
«Өкінішке қарай, оны құтқару мүмкін болмады. Дәрігерлер жеткенше қайтыс болып кетті», - делінген облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Марқұм 48 жаста болатын. Өлімнің себебі әзірге белгісіз.