Елімізде бизнес пен тұрғындарға қатысты шектеу шаралары жеңілдетілді

Автор: Azattyq Rýhy

Ералы Тоғжанов әкімдіктерге вакциналау қарқынын күшейтуді тапсырды

 

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК мәліметіне сілтеме жасап.

ҚР аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия бизнес пен тұрғындарға қатысты шектеу шараларын жеңілдетуді мақұлдады:

Бизнес үшін:

- "Ashyq" бойынша "жасыл" және "көк" мәртебесі бар адамдар үшін (келушілерде) эпидемиологиялық қатердің "жасыл" және "сары" аймақтарында – шектеусіз, "қызыл" аймақта – толымдылығы 70% - ға дейін шектеумен (әлеуметтік қашықтықты, маскалық режимді, күшейтілген сан-дез режимін сақтау) рұқсат етіледі:

(азық-түлік емес), сауда алаңы 6000 шаршы метрден асатын сауда желілерінің (азық-түлік), бассейндердің, ойын, түнгі клубтардың, караоке қызметіне;

(банкеттер, еске алу), конференциялар, форумдар, ойын-сауық, ұжымдық құлшылық ету және адамдар көп жиналатын өзге де іс-шаралар өткізуге;

- балалардың ойын-сауық орталықтары, лотерея клубтары мен букмекерлік кеңселердің толымдылығына қатысты шектеулер алынып тасталды.

- эпидемиологиялық қауіп аймағына қарамастан (“қызыл”, “сары” және “жасыл”) ұйымдар мен кеңселердің оффлайн режимде жұмыс істеуі үшін шектеулер (80%, 50% және 30%) алынып тасталды;

Тұрғындар үшін:

- егер екінші компонентті алғаннан кейін 6 айдан аспаса, ревакцинация немесе COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын алған ҚР азаматтары үшін елге кірер кездегі міндетті ПТР-тестілеу тоқтатылады;

- ПТР тестінсіз вакцинация паспорттарын өзара мойындайтын шетел азаматтарына елге кіруге рұқсат етіледі;

- ауру белгілері болмаған жағдайда науқаспен байланыста болған адамдарды үй карантиніне оқшаулау тоқтатылады ("Ashyq" жобасынан "сары" мәртебесін алып тастау).

- "Pfizer" вакцинасын қолдану рұқсат етіледі:

(барлық топтағы мүгедектер) мен 50 жастан асқан адамдарға ревакцинациялау кезінде;

(барлық топтағы мүгедектер);

(екінші доза) аяқтау үшін рұқсат етіледі.

Кеңес соңында Ералы Тоғжанов әкімдіктерге вакциналау қарқынын күшейтуді тапсырды, ол үшін мамлекет вакциналардың жеткілікті санын бөлді. Сонымен қатар, жергілікті жерлерде Үкімет қабылдайтын іс-шаралардың орындалуын бақылауға ерекше назар аудару қажеттігін атап өтті.