Қысқы уақытта және күз айларында Қырғызстанға да энергия жібереміз
Былтыр Өзбекстанға Қазақстан жіберетін электр қуаты тоқтап қалған. Оған себеп елдегі заңсыз майнинг фирмалардың электр қуатын көптеп тұтынуы, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
Бұл туралы Сенат отырсында Энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов айтты.
«Біз қысқы уақытта және күз айларында Қырғызстанға да энергия жібереміз. Қырғыз елі өз тарапынан көктем мен жазда бізге су жібереді. Осы келісімшарт бойынша 900 млн киловатт Қырғыз еліне экспорттадық. Олар бұны бізге 300 млн куб су көлемінде қайтарып береді.
Былтыр біз үшін электр энергиясының жетіспеуіне байланысты қиындық тудырды. Майнинг құбылыс электр жүйеде көп тарап кетті. Олардың ішінде заңсыз жұмыс істеп жатқандары да бар. Осыған қатысты арнайы тапсырма берілді», - дейді вице-министр.