Бейсенбі күні еліміздің басым бөлігінде бұрқасын жел болып, тұман түседі
16 қаңтар күні еліміздің басым бөлігінде бұрқасын жел болып, тұман түседі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидромет» РМК-ге сілтеме жасап.
Синоптиктер еліміздегі бірқатар облыста дабылды ескерту жариялады. Атап өтер болсақ, Солтүстік Қазақстан облысы Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан екпіні түнде 15-20 м/с, күндіз 23-28 м/с болатын жел соғады.
Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ сақталады.
Ал Қостанай облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан екпіні 23-28 м/с жел соғады.
Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, күндіз кей жерлерде екпіні 15-20 м/с болады.
Ақтөбе облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с күтіледі.
Ақмола облысында қар, бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с болады.
Түркістан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең кей жерлерде оңтүстік-батыстан солтүстік-батыс бағытына ауысатын жел соғады.
Шығыс Қазақстан облысынының кей жерлерінде қар жаууы мүмкін. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с болады. Бұрқасын, кей жерлерде көктайғақ сақталады.