Екі жылға жоспарланған бұл миссияның міндеті - қызыл ғаламшарда тіршлік іздерін зерттеу
NASA "Персеверанс" ғарыш апаратының Марсқа қонғанына бір жол толуын атап өтіп жатыр, деп хабарлайды "Хабар24".
Зонд қызыл ғаламшарға өткен жылдың 18 ақпанында сәтті табан тіреген болатын. Екі жылға жоспарланған бұл миссияның міндеті қызыл ғаламшарда тіршілік іздерін зерттеу.
Ғалымдардың айтуынша, бұл аспан денесінде 3-4 миллиард жыл бұрын тіршілік болған. Бір жылдың өзінде астронавттар кейбір зерттеу нәтижелеріне қол жеткізді.
"Миссияның бірінші жылын біз Езеро кратері сағасын зерттеумен өткіздік. Зерттеу қызықты әрі жемісті болды. Енді осы кратерден өзге аймақтарды тексеріп зертеуді жоспарлап отырмыз. Бірқатар бағытты анықтап қойдық", – деді Марс миссиясының басшысы Джессика Самюелс.