Қазақстанда өткен тәулікте 1500-ден астам адамның коронавируспен ауырғаны анықталды

Автор: Azattyq Rýhy

Оның ішінде 580 жағдай Алматы қаласында тіркелді 

Фото: ашық дереккөзден

Қазақстанда өткен тәулікте 1508 адамның коронавируспен ауырғаны ПТР арқылы расталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy coronavirus2020.kz Telegram каналына сілтеме жасап.

Аймақтар бойынша: 

Нұр-Сұлтан қаласы - 112 
Алматы қаласы - 580 
Шымкент қаласы - 15 
Ақмола облысы - 54 
Ақтөбе облысы - 17 
Алматы облысы - 84 
Атырау облысы - 24 
Шығыс Қазақстан облысы - 75 
Жамбыл облысы - 15 
Батыс Қазақстан облысы - 71 
Қарағанды облысы - 124 
Қостанай облысы - 87 
Қызылорда облысы - 5 
Маңғыстау облысы - 5 
Павлодар облысы - 129 
Солтүстік Қазақстан облысы - 109 
Түркістан облысы - 2 

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны – 1 293 901.