Әуежай ресми хабарлама таратты
Нұр-Сұлтан әуежайында ауа райына байланысты 17 рейс кешіктірілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Нұрсұлтан Назарбаев әуежайынан ұшып шығатын 10 рейс және ұшып келуі тиіс 7 рейс метеожағдайға байланысты кешігіп жатыр. Жолаушыларды авиакомпаниялардың колл-орталықтары мен анықтамалық әуежайдан қажет ақпаратты білулеріңізді сұраймыз», - деді елорда әуежайының баспасөз хатшысы Әнуар Шалекенов.
Айта кетейік, бүгін елорда мен Қарағандыда ауа райына байланысты мектеп оқушыларының сабағы кейінге қалдырылған болатын.