Бұл туралы Ұлттық коньки спорты федерациясының ресми сайтында хабарланды
Олимпиада жүлдегері, марқұм Денис Теннің анасы Оксана Тен федерациядағы вице-президент лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Аzattyq Rýhy.
«Ұлттық коньки спорты федерациясы» қоғамдық бірлестігінің құрылтайшылары ұйымның қарарына өзгеріс енгізіп, бірнеше лауазымды жойды.
Соның бірі федерациядағы вице-президент лауазымын атқарған Оксана Тен енді қызметінен босап отыр.
«Екі вице-президенттің лауазымын жою туралы мәселеде фередация құрылтайшыларының бәрі бірауыздан қолдап, дауыс берді», - деп хабарланған федерацияның сайтында.
Айта кетейік, бұған дейін федерацияның жаттықтырушылары Оксана Теннің жұмыстан кетуін талап етіп, үндеу жариялаған болатын.