Ақтөбеде төрт көлік соқтығысып қалды

Автор: Azattyq Rýhy

Жүргізушілердің бірі ауруханаға жатқызылды

Фото: Polisia.kz

Ақтөбе облысында төрт көліктің қатысуымен ЖКО орын алды, деп хабарлайды Аzattyq Rýhy.

13 ақпан күні сағат 11:00 шамасында Самара-Шымкент автожолының 619 шақырымында төрт автокөлік бір мезетте соқтығысып қалды. Автокөлік таситын Reno жүргізушісі жолдың тайғақ бөлігінде метеорологиялық жағдайды ескермей, алда келе жатқан автокөліктер тиеген Reno жүк көлігіне соқтығысты.

Reno автотасымалдаушы көлігі соққыдан қозғалыс бағытын өзгертіп, қарсы бағытта келе жатқан Mercedes жүк көлігімен соқтығысады.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан Mercedes жүк көлігінің жүргізушісі түрлі дене жарақатымен Хромтау қаласының орталық ауруханасына жатқызылды.

ЖКО фактісі бойынша тергеу жүргізілуде.