Павлодарда жол апатынан бір адам көз жұмды

Автор: Azattyq Rýhy

Алты адам жарақат алған күйде ауруханаға жеткізілді

Фото ашық дереккөзден

Павлодар облысында жол апатынан бір адам қаза тауып, алты адам зардап шекті. Бұл туралы Аzattyq Rýhy облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.

Аталған факті бойынша тексеру жүргізілуде.

«13 ақпан күні сағат 16:20-да Ленин – Ертіс – Русская Поляна РФ автожолының 43 шақырымында, Ақтоғай ауданы Өтес ауылынан 4 шақырым учаскеде «Ауди 100» автокөлігінің 35 жастағы жүргізушісі қауіпсіз қозғалыс жылдамдығын сақтамай, «Тойота Камри 20» автокөлігімен соқтығысты», - деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан «Ауди 100» автокөлігінің 26 жастағы жолаушысы алған жарақатынан оқиға орнында қайтыс болды. Ал аталмыш көліктің жүргізушісі мен 2013 жылы туған жолаушысы жарақатпен ауруханаға жеткізілді.

Сол сияқты «Тойота Камри 20» автокөлігінің 24 жастағы жүргізушісі мен оның төрт жолаушысы түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.

Автокөліктер қазір арнайы айып тұрағына қойылды.