Коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия осындай шешім қабылдады
Бүгіннен бастап еліміздегі барлық мектеп дәстүрлі форматта оқиды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Бұған дейін оқушылар саны 600 балаға дейінгі мектептер офлайн оқыған. Ал бала саны 600-ден асатын білім ордаларында негізінен 1-4 сыныптар үшін сабақты дәстүрлі форматта жүргізу ұсынылған.