Қысқы олимпиада: отандық биатлоншылар спринт бойынша жарысты аяқтады

Автор: Azattyq Rýhy

Қазақстандық спортшылар жарыс жолына шықты

Бейжің Олимпиадасында биатлоннан ерлер арасында спринт бойынша жарыстар мәресіне жетті, деп хабарлайды Аzattyq Rýhy.

Ұлттық олимпиада комитетінің мәліметінше, қазақстандық спортшылар жарыс жолына шықты.

«Спринт бойынша Қазақстан сапынан бүгін екі спортшы, атап айтқанда, Александр Мухин мен Владислав Киреев жарыс жолына шықты.

Александр Мухин 49-шы болса, Владислав Киреев мәре сызығын 77-ші болып кесіп өтті», - делінген хабарламада. 

Айта кетерлігі, Норвегия спортшысы Йоханнес Бе Олимпиада чемпионы атанды. Франция өкілі Кентен Фийон-Майе күміспен күптелсе, Норвегия құрамасының мүшесі Тарьей Бе қолаға қол жеткізді.