Болат Кальянбеков Мәжіліс аппараты басшысының орынбасары болып тағайындалды

Автор: Azattyq Rýhy

Ол бұған дейін Nur Media холдингінің бұрынғы бас директоры қызметін атқарды

Фото: facebook.com/bolat.smi: UGC

ҚР Парламенті Мәжілісі аппараты басшысының орынбасары болып Болат Кальянбеков тағайындалды. Бұл ақпаратты Мәжілістің баспасөз қызметі өкілі растады.

Болат Кальянбеков бұған дейін Nur Media холдингінің бұрынғы бас директоры қызметін атқарды. Сондай-ақ ол 2019 жылы «Алматы» телеарнасының директоры болған. 2014 жылы Жоғарғы соттың баспасөз қызметін басқарды.

Болат Кальянбеков әр жылдары Мәдениет және ақпарат министрлігінде маман, бөлім, басқарма басшысы, сондай-ақ Ақпарат және мұрағат комитетінің төрағасы болып жұмыс істеген. Ол Президент Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің инспекторы және сектор меңгерушісі болған.