Аталған деректер бойынша әкімшілік хаттамалар рәсімделіп, сотқа жолданады
Қызылорда облысында заңсыз қару сақтаған тұрғындар анықталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
“Құқықтық тәртіп” жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында 10 ақпан күні сағат 12:40 шамасында Қызылорда облысы Полиция департаментінің Жалағаш аудандық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторымен қызмет атқару барысында 33 жастағы ауыл тұрғынының сарайында ІІО тіркеуде жоқ 16 калибрлі бір ұңғылы нөмірсіз аңшы мылтығын заңсыз сақтағаны анықталды.
Осы тектес дерек Жаңақорған ауданында орын алды. Жаңақорған аудандық полиция бөлімінің қызметкері 21 жастағы аудан тұрғынының үйін тексеру кезінде ІІО-да тіркеуде жоқ екі ұңғылы 16 калибрлі аңшы мылтығын заңсыз сақтағанын анықтаған.
Анықталған деректер бойынша Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 482-бабының 1-бөлігімен (Iшкi iстер органдарында тiркелмеген тегiс ұңғылы, газды қару мен олардың патрондарын, сол сияқты электрлі қаруды, үрлемелi қуаты 7,5 Джоульдан жоғары, калибрi 4,5 миллиметрден асатын пневматикалық қаруды заңсыз иеленіп алу, беру, өткiзу, сақтау, алып жүру, тасымалдау) әкімшілік хаттамалар рәсімделіп, сотқа жолданады.