Елімізде COVID-19 вирусын жұқтырғандар саны 1 287 952-ге жетті
Денсаулық сақтау министрлігі 2022 жылдың 12 ақпандағы коронавирус инфекциясымен ауырғандарға қатысты ақпаратты жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК мәліметіне сілтеме жасап.
Өткен тәулікте COVID-19 вирусынан 17 адам қайтыс болды.
12 ақпандағы мәлімет бойынша, 62 801 адам коронавирус инфекциясынан (–61 600+ және 1 201 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 7 653 пациент стационарда, 55 148 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 364 адамның жағдайы ауыр,
• 144 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 102 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
Сондай-ақ COVID-19 пневмониясына қатысты ақпаратқа сүйенсек, 11 ақпандағы мәлімет бойынша 103 жаңа жағдай тіркелді, 3 өлім жағдайы тіркелді.
Жалпы, 2020 жылдың 13 наурыздан бастап:
- науқастар саны – 87 481;
- өлім жағдайы – 5 306.