Қаңтар оқиғасы кезінде Қызылордада мәйітханадан 6 адамның мәйіті ұрланған

Автор: Azattyq Rýhy

Қақтығыс барысында 58 полиция қызметкері мен 52 сарбаз түрлі жарақат алды

Фото ашық дереккөзден

Қаңтар оқиғасы кезінде Қызылордада мәйітханадан тәртіпсіздікке қатысқан 6 адамның мәйіті ұрланған. Бұл туралы Қызылорда облыстық полиция департаменті мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

 Полиция департаменті ұсынған мәліметке сәйкес, қаңтар айының 5-6 күндері Қызылорда қаласында болған жаппай тәртіпсіздік барысында мемлекеттік мекемелердің 17 обьектісіне залал келіп, жеке сектордың 21 субьектісі тоналды.

Сондай-ақ, 65 көлік құралы өртеніп, 80 көлікке залал келді. Екі автокөлік ұрланған. Қақтығыс барысында 58 полиция қызметкері мен 52 сарбаз түрлі жарақат алды. Облыстық медициналық орталықтың мәйітханасынан тәртіпсіздікке қатысқан 6 адамның мәйіті ұрланды.