Алматы облысында үшем өмірге келді

Azattyq Rýhy

Дүние есігін ашқан екі қыз және бір ұл баланың денсаулығы жақсы

Алматы облысында үшем өмірге келді

Бүгін Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасында дүниеге келген үшемді анасымен үйіне шығарды, деп хабарлайды "Хабар24". 

Үшемнің анасы Панфилов ауданының тұрғыны 29 жастағы Гунчигул Мухамет екі қыз және бір ұлды дүниеге әкелген болатын. Екі қызын 2145 гр және 1470 гр салмақпен туған. Ал ұл бала 2050 грамм салмақта дүниеге келген. 

Алматы көпсалалы клиникалық аурухананың директоры Эльмира Ахметова үшемдерді анасы жүктіліктің 34 аптасында босанғанын айтты. 

«Балалар кесарь тілігі арқылы дүниеге келді. Перзентханада екі апта бойы бақылауда ұстадық. Үшемдер Тайиповтар отбасының тұңғыштары. Қазір үшемдердің де, анасының да жағдайы бірқалыпты», – деді аурухананың бас дәрігері Эльмира Ақылбекқызы. 

Панфилов аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері Марат Абдигалимов үшемдерге қажетті медициналық көмек көрсетілетінін айтты. 

«Үшемдердің күтіміне орта медицина қызметкерлері көмек көрсетеді. Учаскелік дәрігер балалардың денсаулығын бақылауда ұстайды. Сонымен қатар үшемдерді балаларға арналған тамақпен қамтамасыз ететін боламыз»,– деді бас дәрігер.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.