«Қазақстан халқына» қорына 116,8 млрд теңге аударылды

Автор: Azattyq Rýhy

Қорға 69 мыңнан астам жеке тұлға мен 200-ден астам заңды тұлға және ірі бизнесмендерден ақша түскен

Фото: Nur.kz

«Қазақстан халқына» қорының шоттарына ірі бизнес өкілдері, компаниялар мен жеке тұлғалар 116,8 млрд теңге аударды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy қордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Осы жылдың 16 қаңтары мен 9 ақпаны аралығында заңды тұлғалар мен ірі бизнесмендер 116 млрд 762,6 млн теңге сомасына 215 төлем жасады.

Сондай-ақ, 69 695 жеке тұлғадан 55 млн теңге түсті.

"Қор Қазақстандағы қайырымдылықтың дамуына үлес қосқандардың барлығына алғыс білдіреді", – делінген хабарламада.