"Қызыл" аймақта 8 өңір орналасқан
10 ақпандағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды, деп хабарлайды Azattyq rýhy.
«Қызыл» аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды,Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары орналасқан.
«Сары» аймақта Алматы, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан облыстары;
«Жасыл» аймақта Шымкент қаласы, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан облыстары тұр.
Еске сала кетейік, өткен тәуліктегі мәлімет бойынша Шығыс Қазақстан облысы «қызыл» аймақта тұрған.