Директорлар кеңесінің құрамы белгіленді
«Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ директорлар кеңесінің жаңа құрамы сайланды. Бұл туралы Azattyq Rýhy холдингтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Жалғыз акционердің шешіміне сәйкес (Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2022 жылғы 4 ақпандағы № 50 бұйрығы) «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Директорлар кеңесінің жаңа құрамы сайланды.
Қазіргі уақытта Директорлар кеңесінің құрамы мынадай:
Холдингтің хабарлауынша директорлар кеңесі «Акционерлік қоғамдар туралы» ҚР Заңында және «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының Жарғысында Жалғыз акционер – Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің және атқарушы орган – Холдинг Басқармасының айрықша құзыретіне жатқызылған мәселелерді шешуді қоспағанда, Холдинг қызметіне жалпы басшылық етеді.
«Холдингтің Директорлар кеңесінің қызметі Холдингтің Директорлар кеңесі туралы ережемен реттелген. Холдингтің Директорлар кеңесі 10 директордан тұрады, олардың үшеуі тәуелсіз директорлар болып саналады. Холдингтің Директорлар кеңесінің мүшелерін Жалғыз акционер сайлайды.
Директорлар кеңесінің қызметі тиімділік және жауапкершілік, Жалғыз акционер мен Холдингтің мүдделерін барынша сақтау және іске асыру, сондай-ақ Жалғыз акционердің құқықтарын қорғау, Холдинг қызметі үшін жауапты болу қағидаттарына негізделеді», – делінген холдингтің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.