Өткен жылдан бері түрлі қылмыстар жасағаны үшін 34 қылмыскер ұсталды
Қызылордалық полицейлер мемлекетаралық іздеуде болған ұрыны ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.
Қызылорда қалалық Полиция басқармасының қызметкерлері Қазақстан Республикасында мемлекетаралық іздеу жарияланған қала тұрғынын ұстады. Ұсталған азамат 2021 жылдың қараша айынан бері Қызылорда қаласында ұрлық жасағаны үшін іздеуде болған. Оған қатысты сот үкімі бойынша бұлтартпау шарасы таңдалған.
Қылмыс жасаған адамдарды іздестіру ісі үздіксіз жүргізілуде. Өткен жылдан бері түрлі қылмыстар жасағаны үшін 34 қылмыскер, биылғы жылы іздеуде жүргендер санатынан бес күдікті ұсталды.
Іздестіру бағыты бойынша жұмыс үнемі жүргізіледі. Ұзақ ақпарат жинау және нұсқаларды қайта тексеру нәтижесінде қылмыстар ашылады.
Бұл жұмысты күшейту мақсатында әр тоқсан сайын республикалық «Іздеу» жедел алдын алу іс-шарасы өткізіледі. Осы кезеңде Полиция басқармасына азаматтар жеткізіліп, олардың барлығы есепке алынады, қылмыстарды ашуға қажетті жедел ақпараттар жиналады.