Жел мен көктайғақ болуы мүмкін
«Қазгидромет» 10-12 ақпан күндеріне арналған ауа райы болжамын жария етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Аязды ауа райын жауын-шашынсыз сақтаған кең антициклон тек шығыс аймақтарға әсерін сақтай отырып, біздің елден тыс жерлерге ауыса бастайды.
Ал солтүстік-батыстан үлкен ылғал қоры бар циклон асығуда. Ол өзімен бірге жаңбыр мен қар түрінде, 12 ақпанда оңтүстік облыстарда қатты жауын-шашын, сондай-ақ жел мен көктайғақ құбылыстарын әкеледі.
Ұзақ аяздан кейін, тіпті Қазақстанның солтүстігінде термометр бағандары күндізгі уақытта тек 2-10 градус аязды көрсетеді», - делінген хабарламада.