Оқиғаны тергеу нәтижелері бойынша кінәлілер қатаң жауапкершілікке тартылады
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында әскери бөлімді өз еркімен тастап кеткен мерзімді қызметтегі әскери қызметшілердің орналасқан жері белгілі болды. Бұл туралы Azattyq Rýhy ҚР ҚМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Қазіргі уақытта әскери қызметшілер ұсталды. Аталған фактіге қатысты қызметтік тергеу жүргізілуде.
2022 жылғы 8 ақпанда Қарағанды гарнизонында мерзімді қызметтегі екі әскери қызметші әскери бөлімді өз еркімен тастап кеткен. Өздерімен бірге қару болмаған.
Оқиғаны тергеу нәтижелері бойынша кінәлілер қатаң жауапкершілікке тартылады.