Ертең Мемлекет басшысының төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді

Автор: Azattyq Rýhy

Үкіметтің 2022 жылға арналған іс-қимыл жоспары қарастырылады

ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында Мемлекет басшысының төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтетінін айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Ертең, 8 ақпанда Мемлекет басшысының төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді. Жиын барысында еліміздің былтырғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы есеп беріледі және Үкіметтің 2022 жылға арналған іс-қимыл жоспары қарастырылады», - деп жазды Берік Уәли.