Қазір сотқа дейінгі тергеу басталды
Алматыдағы қонақүйден ұялы телефондар, пышақтар мен есірткі заттары тәркіленді, деп хабарлайды Polisia.kz.
22 ұялы телефон, үш пышақ және есірткіге ұқсас зат салынған бума – осының барлығы қаладағы қонақүйлердің бірінде тәркіленді.
«Бірден жаппай тәртіпсіздіктерден кейін үш тұтқын, оның ішінде бір әйел осы кешендегі бөлмені жалдап тұрды. Бір нұсқа бойынша, пышақтар 5 және 6 қаңтарда тоналған қару-жарақ сататын дүкендерге тиесілі болуы мүмкін. Сондай-ақ, түрлі маркалы 22 ұялы телефон да электроника дүкендерінен ұрланған болуы мүмкін. Сонымен қатар, ұнтақ түріндегі, ашық түсті және ерекше иісі бар заты бар полиэтилен байламы табылды.
Ішіндегі заттардың тиесілігін анықтау үшін сот-химиялық сараптама тағайындалды. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», – деді Алматы қалалық ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Ерлан Әлмағамбетов.