Жеткіншектің қайда және кіммен болғаны туралы ақпарат айтылмады
Көкшетаулық полицейлер із-түссіз жоғалып кеткен 14 жастағы жеткіншек қызды іздеп тапты деп хабарлайды Ақмола облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Еске салайық, 6 ақпанда көкшетаулық тұрғын оқушы қызының жоғалып кеткенін айтып полицияға шағымданған болатын. 14 жастағы жеткіншек кешкі алтыда үйінен шығып қайта оралмаған. Арада бір тәулікке жетпейтін уақыт өткенде тәртіп сақшылары жоғалған қызды іздеп тапты.
Жеткіншектің үйден неліктен кеткені, қайда және кіммен болғаны туралы ақпарат айтылмады.