ҚР ҰЭМ министрінің бұйрығымен Арман Дайырұлы Жұмабеков басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі аппаратының басшысы қызметінен босатылды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің Баспасөз қызметі хабарлайды.
Арман Жұмабеков 1973 жылы Ақмола облысында дүниеге келген. Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген.
- Еңбек жолын 1990 жылы Целиноград облысының жинақ банкі Ерейментау филиалының инспекторы болып бастады.
- Әр жылдары Ақмола облысы бойынша Салық комитетінде, Мемлекеттік кірістер министрлігінде, ҚР Премьер-Министрінің Кеңсесінде, ҚР Президентінің Әкімшілігінде жұмыс істеді.
- 2018-2019 жылдары — ҚР Ұлттық экономика министрлігінің жауапты хатшысы.
- 2019 жылы — ҚР ұлттық экономика бірінші вице-министрі.
- 2021 жылғы қаңтардан бастап ҚР ҰЭМ аппаратының басшысы болды.