Алматы полициясы қарт кісіні таяқпен ұрған ер адамға қатысты істі тергеуді бастады

Автор: Azattyq Rýhy

Қабылданған шаралар туралы қосымша хабарланатын болады

Алматы полициясы бастығының орынбасары тәртіп сақшылары ер адамның қарт кісіні таяқпен ұрғаны туралы істі тексеруді бастағанын мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Видео әлеуметтік желілерде бір күн бұрын пайда болды. Видеодан жас жігіттің көлігінен түсіп, жол бойында тұрған қарт кісіні таяқпен ұрған сәтін көруге болады.

Алматы полициясы бастығының орынбасары Рустам Абдрахманов аталған факті бойынша тексеру басталғанын мәлім етті.

«Жазаның бұлтартпастығы қағидатын іске асыра отырып, тергеушілер Алматы қаласы ПД Криминалдық полиция қызметкерлерін жедел қолдау кезінде күдіктіні ұстау жөнінде шаралар қабылдауда. Құқық бұзушыға қабылданған шаралар туралы қосымша хабарланатын болады», - деді полиция бастығының орынбасары.