Түркия Президенті Режеп Ердоған мен оның жұбайы коронавирус жұқтырды
Бұл туралы ол өзінің Twitter-дегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Аурудың белгілері байқалған соң әйелім екеуіміз COVID-19-ды анықтау үшін тест тапсырдық. Тест оң нәтиже көрсетті. "Омикрон" штаммын жұқтырғанымыз анықталды. Бағымызға орай, ауру жеңіл өтіп жатыр,— деп жазды ол.
Сондай-ақ, ол үйде отырып жұмысын жалғастыратынын айтты.
Түркияның Денсаулық сақтау министрі Фахреттин Қожа бұл ақпаратты растады.