Австрияда коронавирусқа қарсы міндетті вакцинация туралы заң күшіне енді

Автор: Azattyq Rýhy

Ел Еуропалық Одақта мұндай заң қабылдаған алғашқылардың бірі болды

 

Фото ашық дереккөзден

Австрияда коронавирусқа қарсы міндетті вакцинация туралы заң күшіне енді. Ел Еуропалық Одақта мұндай заң қабылдаған алғашқылардың бірі болды, онда коронавирусқа қарсы вакцинация кем дегенде 2024 жылдың 31 қаңтарына дейін міндетті болып табылады, деп хабарлайды Covid-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК баспасөз қызметі. 

Австралия Премьер-министрі Скотт Моррисон қорғаныс министрінен covid-19 індетін жеңуге көмектесу үшін әскери қызметшілерді қарттар үйлеріне жіберуді сұрады. Пандемияға байланысты онда қызметкерлер жетіспейді және әскери қызметкерлер қарт адамдарға күтім жасау үшін мамандарға көмектесуге ниетті. АҚШ-та пандемия басталғаннан бері ковидтен 900 мыңнан астам адам қайтыс болды. CNN хабарлағандай, АҚШ-тағы COVID-19 салдарынан қайтыс болғандардың үштен бірі 2020 жылдың қарашасы мен 2021 жылдың ақпаны аралығында тіркелді.