Алматы облысында жоғалып кеткен екі адамның денесі Балқаш көлінен табылды

Автор: Azattyq Rýhy

Өлімнің себебі анықталуда, сот-медициналық сараптама тағайындалды

Фото ашық дереккөзден

Алматы облысында із-түссіз жоғалған екі адамның денесі Балқаш көлінен табылды. Бұл туралы Алматы облыстық ТЖД баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, Балқаш ауданы, Құйған ауылының екі тұрғыны мотоциклмен Жамбыл облысының Шығанақ ауылына қарай шығып, содан бері із-түссіз кеткен. Соңғы рет 37 және 35 жастағы ер адамдар 3 ақпанда байланысқа шыққан. Олардың бірі әйеліне хабарласып, өздерінің адасып кеткенін айтқан.

Келесі күні олардың денесін Балатопар ауылынан 25 шақырым қашықтықтағы Құйған ауылының тұрғындары Балқаш көлінен тапты (қатып қалған), мотоцикл көлге батып кеткен.

Өлімнің себебі анықталуда, сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Қазіргі уақытта көлдегі мұздың қалыңдығы - үш-бес сантиметр.

Алматы облысының ТЖД қызметкерлері азаматтардан сақтық шараларын сақтауды және қатпаған, жұқа мұз бетіне шықпауды сұрайды.