5 ақпанға арналған ауа райы болжамы

Автор: Azattyq Rýhy

Еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады

Синоптиктер сенбі, яғни 5 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Антициклонның жотасы ҚР территориясының басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Тек еліміздің батысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауып, көктайғақ болады. Республика бойынша кей жерлерде тұман түсіп, жел күшейеді», - делінген «Қазгидромет» РМК баспасөз хабарламасында.

Атап айтқанда, Түркістан облысының солтүстігінде, тау және таулы аудандарында тұман түседі, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында жел соғып, күндіз екпіні 23 м/с дейін күшейеді.  

Түнде және таңертең Алматы облысының оңтүстігі мен шығысында тұман түсіп, тау және таулы аудандарында жел 17-22 м/с күшейеді, Алакөл ауданында екпіні 23-28, кей уақыттарда 30 м/с және одан да қатты күшеюі мүмкін.

Атырау, Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігі мен орталығында тұман түседі, күндіз батысында жел 15-20 м/с күшейеді.

Маңғыстау облысының батысында және орталығында көктайғақ болып, облыстың солтүстігінде тұман түседі, күндіз батысында жел 17-22 м/с дейін күшейеді.

Күндіз Ақтөбе  облысында жаяу бұрқасын, көктайғақ болады, оңтүстік-батысында және орталығында жел 15-20 м/с дейін  күшейеді.

Қостанай облысында жаяу бұрқасын соғып, күндіз оңтүстігінде жел 15-20 м/с дейін күшейеді.

Қарағанды облысының  батысында, шығысында және орталығында жел жылдамдығы 15-20 м/с, епкіні 25 м/с дейін күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысында тұман түсіп, күндіз орталығында, оңтүстік-шығысында жел 15-20, екпіні 25 м/с дейін күшейеді.

Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында тұман түседі, облыстың солтүстігі мен орталығында жел 15-20 м/с күшейеді.