Ақтөбеде өрттен бес жасар егіздер қаза тапты

Автор: Azattyq Rýhy

Олар өрт кезінде үйде үлкендердің қарауынсыз қалған

Фото ашық дереккөзден

Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, 3 ақпан күні кешке Кобрин ауданындағы Қызылжар ауылында жеке үй өртенді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Өрт аумағы 8 шаршы метрді құрады. Баспасөз қызметінің айтуынша, құтқарушылар келгенге дейін еріктілер өртті сөндіріп үлгерген. Оқиға орнынан ең жақын өрт сөндіру бөліміне дейінгі қашықтық – 80 километр.

Өрт кезінде үй иелері жұмыста болған. Ал үйде 5 жасар егіздер үлкендердің қарауынсыз қалыпты. Салдарынан сәбилер уланып қайтыс болды.

Алдын ала болжам бойынша электр сымдарының қысқа тұйықталуынан өрт пайда болған.