Полиция ол қарулардың болашақта кез келген жағдайда қолданылуы мүмкін екенін ескертті
Алматы полициясы жаппай тәртіпсіздіктер кезінде қару-жарақ дүкендерінен 1 424 атыс қаруы ұрланғанын еске салды. Ұсталған қарулардың көпшілігі атуға бейімделген және халыққа нақты қауіп төндіреді, деп хабарлайды Polisia.kz.
«Торларды көліктермен жұлып, арнайы дайындалған құрылғымен сындырған. Олардың бәрі арнайы қолғаптармен жұмыс істеген. Кәсіби мамандар жұмыс істеді деуге болады. Өйткені дүкен кәсіби түрде ашылған. Оларда уақыт аз болғандықтан, торларды сындыра бастаған. Қару-жарақ қоймада болған. Олардың бәрі қайда кетті? Соны іздеу керек, өйткені болашақта ол қарулар кез келген жағдайда қолданылуы мүмкін. Ең қорқыныштысы да, ең қауіптісі де осы», – деді «Арма-56» мамандандырылған қару-жарақ дүкенінің директоры Александр Алексеенок.
ПД қазіргі уақытта қалада қаруды, оның ішінде қару-жарақ дүкендерінен ұрланғандарды іздестіру және тәркілеу, сондай-ақ қаладағы қылмыстық ахуалды жақсартуға бағытталған «Құқықтық тәртіп» іс-шарасы өтіп жатқанын атап өтті.
«Осы дүкендердің қоймаларында сөрелерге қойылған қолданыста емес қарулардың құрамдас бөліктері, сондай-ақ атуға жарамды қарулар да сақталған. Кейбір дүкендердегі қылмыскерлер атуға жарамды қаруға жетіп үлгерген, содан кейін оларды ұрлап кеткен. Қолданыста емес қару, егер құрамдас бөліктері болса, бейбіт тұрғындар мен құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне қарсы қолданылуы мүмкін екендігін ескертемін. Азаматтардан заңсыз қару сақтау фактілері анықталса немесе табылса, өз еркімен тапсыруларын сұраймыз. Қаруды өз еркімен тапсыру қылмыстық жауапкершіліктен босатады», – деп қорытындылады Алматы қалалық ПД Әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары Болатбек Баятанов.