Алматыда бүлік кезінде дүкен тонаған күдікті елордадан ұсталды

Автор: Azattyq Rýhy

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде

Фото ашық дереккөзден

Жамбыл облысында туған 40 жастағы азамат Алматыдағы аңшылық дүкенінен қару ұрлады деген күдікке ілінді. Бұл туралы Azattyq Rýhy қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.

Осы жылы қаңтардың 5-інен 6-сына қараған түні серіктестерімен бірге аңшылық дүкенге кіріп, мүлік пен қару ұрлаған. Ал 20 қаңтар күні қылмыстық қудалаудан жасырынып елордаға пойызбен келген.

Осы уақыт аралығында күдікті жұмысқа орналасып, жатақханадан бөлме жалдап үлгерген.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері күдіктіні тұрғылықты жері бойынша ұстады.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, ұсталған азамат Алматы қаласы ПД полиция қызметкерлеріне тапсырылды.