Ерлан Қошанов Президент Әкімшілігінің Басшысы лауазымынан босатылды

Автор: Azattyq Rýhy

Бұл туралы Ақорда сайтында жарияланды

Мемлекет басшысының Жарлығымен Президенті Әкімшілігінің Басшысы Ерлан Қошанов қызметінен босатылды. Бұл туралы Azattyq Rýhy Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерлан Жақанұлы Қошанов Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы лауазымынан басқа жұмысқа ауысуына байланысты босатылды», - делінген хабарламада.