Жаңа басшыны ҚР Ішкі істер министрі мен Солтүстік Қазақстан облысының әкімі таныстырды
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша ҚР ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың бұйрығымен Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментінің бастығы лауазымына Айдын Қабдұлдинов тағайындалды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Солтүстік Қазақстан облысы ішкі істер органдарының жеке құрамына жаңа басшыны ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев және Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов таныстырды.
Айдын Тоқтарұлы Қабдұлдинов 1977 жылы Шығыс Қазақстан облысында туған. Ішкі істер органдарында 1994 жылдан бастап қызмет атқарады. ҚР ІІМ Алматы заң институтының түлегі. Тергеу және жедел бөліністердегі жұмыс тәжірибесі мол. 2020 жылдың ақпанынан Алматы қаласы ПД бастығының орынбасары лауазымын атқарған.
Бұған дейін СҚО Полиция ведомствосын басқарған Марат Төлебаев Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің бастығы лауазымына тағайындалды.