COVID-19 вирусын жұқтырған 381 адам ауыр жағдайда жатыр
Денсаулық сақтау министрлігі 2022 жылдың 29 қаңтарындағы коронавирус инфекциясымен ауырғандарға қатысты ақпаратты жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК мәліметіне сілтеме жасап.
Өткен тәулікте COVID-19 вирусынан 16 адам қайтыс болды.
29 қаңтардағы мәлімет бойынша, 159 472 адам коронавирус инфекциясынан (–158 140+ және 1 332 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 10 161 пациент стационарда, 149 311 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 381 адамның жағдайы ауыр,
- 166 пациенттің жағдайы өте ауыр,
- 98 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.