Олардың арасында «қызыл» және «сары» мәртебеге ие тұрғындар бар
Қызылорда облысында «Ashyq» жүйесі бойынша үй карантиніндегі оқшаулану тәртібін бұзған 49 адам анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Өңірде «Ashyq» жүйесі бойынша оқшаулану тәртібін бұзғандар кездеседі. Олардың арасында «қызыл» және «сары» мәртебеге ие тұрғындар бар.
«Жыл басынан бері облыс көлемінде «Ashyq» жүйесі үй карантинінде оқшаулану тәртібін бұзған 49 адам белгілі болды. Оның ішінде 48 адам «қызыл», 1-і «сары» мәртебеге ие. Бұл бойынша «қызыл» мәртебедегі адамдарға тиісті айыппұл салынып, «сары» мәртебедегілерге оқшаулану тәртібін сақтау жөнінде хаттама берілді», - деді облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті баспасөз хатшысы Айман Жанахаева.