Атырау облысында жол апатынан 5 адам қайтыс болды

Автор: Azattyq Rýhy

Полиция қызметкерлері тергеу амалдарын бастады

Фото ашық дереккөзден

Атырау облысында жол апатынан 5 адам қайтыс болды. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ресми хабарламаға сүйенсек, жол-көлік апаты бүгін, 28 қаңтарда сағат 16:00 шамасында болған. Атырау облысының Доссор кентінен Маңғыстау өңіріндегі Бейнеу ауданы бағытына қатынайтын тас жолдың 71-шақырымында екі көлік соқтығысқан. Оның бірі – Өзбекстан Республикасында тіркелген «MAN» маркалы жүк тасымалдайтын, ал, екіншісі – Алматы облысының тұрғынына тиесілі «Toyota Camry» маркалы жеңіл көлік.

«Жол-көлік апатының салдарынан «Toyota Camry» көлігінің жүргізушісі мен 4 жолаушысы оқиға орнында мерт болды. Көз жұмғандардың екеуі – кәмелет жасына толмаған жасөспірім», - деп мәлім етті баспасөз қзыметінен.

Қазір полиция қызметкерлері жол-көлік апаты болған орында тергеп-тексеру амалдарын жүргізуді бастады.