Олардың нақты кімге тиесілі екені тергеу барысында анықталады
Алматыда полицияның «Дозор» есімді иті «Абай» метробекетіне жақын орналасқан шыршалардың түбінен оқ-дәрілер тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқ-дәріні Медеу аудандық Полиция басқармасының жедел-тергеу тобы процессуалдық тәртіпте тәркіледі.
«Түске таман инспектор-кинолог «Абай» бекетіне іргелес аумақты аралап шықты. Бір кезде жарылғыш заттарды іздеуге машықтанған қызметтік ит иісті сезіп, серіктесін шыршалары бар алаңға жетеледі. Оның бірінің астынан 5,45 калибрлі Калашников автоматының 30 дана патроны және екі бірлік жарықшулы граната табылды. Оқ-дәріні Медеу аудандық Полиция басқармасының жедел-тергеу тобы процессуалдық тәртіпте тәркіледі. Олардың нақты кімге тиесілі екені тергеу барысында анықталады», – деді Метрополитендегі Полиция басқармасының бастығы Ерік Насырбеков.