Президент «Қазақстан халқына» қорына атсалысқан кәсіпкерлерге алғыс айтты

Автор: Azattyq Rýhy

Бұл туралы «Nur Otan» партиясының кезектен тыс ХХІ съезінде айтты

«Nur Otan» партиясының кезектен тыс ХХІ съезінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан халқына» қоры туралы айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Кәсіпкерлерге қорға ақша салымы үшін алғыс айтамын. Осылайша, сіз еліміздің қайырымдылық көмекке мұқтаж азаматтарына қатысты азаматтық жауапкершілік танытасыз», − деді Президент.