Президент Nur Otan партиясының жұмысы қандай басымдықтарға бағытталуы керектігін айтты

Автор: Azattyq Rýhy

Nur Otan партиясының кезектен тыс ХХІ съезінде айтты

Фото ашық дереккөзден

Бұл туралы Nur Otan партиясының кезектен тыс ХХІ съезінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Алдағы уақытта мынадай басымдықтарға назар аударуымыз керек: партия қатарындағы ынтымақтастықты нығайту, қоғамның барлық сындарлы күштерін біріктіру. Өз қатарларына әртүрлі қоғамдық-саяси топтардың өкілдерін, отандастарымыздың сеніміне ие нағыз көшбасшыларды белсендірек тарту керек», – деді Президент.